

2026 жылғы 22 қыркүйекте сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Шамшин Арман Нұржанұлының аудан тұрғындарымен кездесуі өтетінін хабарлаймыз.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Б. Атыханаұлы атындағы №36 мектеп-гимназиясы, Қабанбай батыр көшесі, 144.
Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, прокуратура органдарының өкілдері, аудандық басқармалардың басшылары мен қызметкерлері қатысады.
Тұрғындардан өзекті және басым мәселелер бойынша ұсыныстар 📞 279-33-19 телефоны арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз арқылы қабылданады:
Instagram: @akimat_almaly
Facebook: @akimatalmaly
Telegram: @almalyaudany
Баршаңызды кездесуге қатысуға шақырамыз!