

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сіздерді жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз!
Күні: 2026 жылғы 25 сәуір
Уақыты: сағат 09:00-ден бастап
Бұл – қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесіңізді қосып, азаматтық жауапкершілікті танытудың, сондай-ақ
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын қолдаудың тамаша мүмкіндігі.
Сенбілік өтетін орындар:
Алмалы ауданында сенбілік өткізілетін орындар – Есентай өзенінің жағалауы (Қожамқұлов көшесі / Бөгенбай батыр көшесі қиылысы)
Отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бірге келіңіздер!
Алматыны бірге таза, жайлы әрі жасыл қалаға айналдырайық!