

Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Алматы қаласы Кәсіпкерлік пен инвестициялар басқармасы» Алматы қ., Алмалы ауданы, Жібек жолы көш., 81/10 жер телімінде және Алматы қ., Әуезов ауданы, 7-ші шағынаудан, 2/8 жер телімінде орналасқан «Кітапханалық аймақты, санитарлық-гигиеналық бөлмелер мен тез тамақтану павильондарын қамтитын қоғамдық пайдалану нысандарын салу және пайдалану» жоба материалдары бойынша ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдау өткізу туралы хабарлайды.
Тыңдаулар 2026 жылдың «16» наурызында сағат 11:00-де Алматы қ., Байзақов көш., 303 үй, конференц-зал мекен-жайында өтеді.
Сұрақтар мен ұсыныстар info@almaty.upp.kz электрондық поштасына қабылданады, контакт телефоны: 87774777778 Сапарғали Руслан.
|
Күні |
Мекен-жайы |
|
17 наурыз, сейсенбі |
№ 216 жалпы білім беретін мектеп, Райымбек даңғылы, 210 сағ.9.00-11.00 |
|
19 мамыр, сейсенбі |
№167 жалпы білім беретін мектеп, Тұрғыт Озал көшесі, 45, сағ.9.00-11.00 |
|
22 қыркүйек, сейсенбі |
№ 36 мектеп гимназиясы Қабанбай батыр көшесі, 144, сағ.9.00-11.00 |
|
17 қараша, сейсенбі |
№ 90 арнайы мамандандырылған мектеп М Мәметова көшесі, 53, сағ.9.00-11.00 |
🌿✨ Құрметті алмалылықтар! ✨🌿
Сүйікті ауданымыз күннен-күнге көркейіп, әрбір тұрғынға өз үлесін қосуға мүмкіндік туып отыр!
Қалалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында байқау жарияланады:
🏡 «Ең үздік аула»
🌸 «Ең үздік палисадник»
💧 «Ең үздік коммуналдық қызметкер»
Бұл – өз аулаңызды немесе палисаднигіңізді қалай көркейтіп жүргеніңізді көрсетуге, сондай-ақ күнделікті тазалық пен жайлылық үшін еңбек етіп жүрген жандарға алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік.
📅 Байқау мерзімі: 2025 жылғы 24 қыркүйек – 17 қазан аралығы.
📝 Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазанға дейін қабылданады.
👥 Байқауға аудан тұрғындары, сондай-ақ ПИК, ОСИ және басқа да ұйымдардың төрағалары қатыса алады.
Толық ережелер мен өтінім үлгісі Алмалы ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланған.
Өтінімдерді жолдау тәсілдері:
📧 e-mail: yezhebekov@gmail.com
📍 мекенжай: Төле би көшесі, 67, 104-кабинет
📞 байланыс телефоны: 8 778 200 21 21
💚 Қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.
🎁 Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен Құрмет грамоталары табысталады!
✨ Ауданымызды бірге әсем әрі жайлы етейік!
«Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ 2025 жылдың тамыздың 27 күні сағат 09:00-ден бастап тамыздың 29 күні сағат 24:00-ге дейін Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарының талаптарына сәйкес, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды.
"Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мекемесі , "Алматы қалалық жоспарлар және урбанистика басқармасы" коммуналдық мекемесімен бірлесіп , 27.06.2025 жылы сағат 15:00-де, Төле би көшесі 67 , 204 кеңседе, "Тұрғын емес ғимараттарды бұзу , денсаулық сақтау ғимаратының құрылысы" жобасына қатысты қоғамдық талқылаулар жүргізеді .
Жобаның мекен жайы, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 228
Жеке және заңды тұлғаларды, қоғамдық талқылау басталғанға дейін, үш жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы, Төле би көшесі, 67 мекен-жайы бойынша, сондай-ақ aleksandr-migur@mail.ru
(жобаның сәулетшісі), жоба бойынша жазбаша (қағаз немесе электрондық тасымалдағышта) дәлелді ескертулер мен ұсыныстарға қатысуға шақырамыз.
Сіздерді 30 мамыр күні Алмалы ауданында орналасқан Арбатта өтетін БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ жәрмеңкесіне шақырамыз!
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы,Алмалы ауданы,Арбат,Жібек жолы көшесі,Панфилов қиылысы
🕚 Басталу уақыты: сағат 15:00-де
Жәрмеңкеге әр түрлі саладағы 160-дан астам жетекші компаниялар қатысады:
SULPAK
Отбасы Банк
ХАЛЫК БАНК
MAGNUM
HELIOS
KARINA PAPER
және құрылыс, өндіріс, білім, қызмет көрсету, қаржы және басқа да бағыттар.
Бұл – жұмыс берушілермен тікелей танысып, өзіңіздің еңбек нарығындағы мүмкіндіктеріңізді арттыруға тамаша мүмкіндік!
📢 Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!