ХАБАРЛАНДЫРУ/АНОНС
«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі – Аудан аппараты) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, 2025 жылғы 02 маусымы мен 30 маусымы аралығында Аудан аппаратының қызметінде (коммуналдық шаруашылық бөлімі, көріктендіру бөлімі, инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жасалатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2025 жылғы 02 маусымға дейін дейін ақпаратты erkin_meirambek@mail.ru электрондық поштасына немесе WhatsApp: +7 702 909 17 81 арқылы жолдауыңызды сұраймыз.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылады. Ақпараттың құпиялығы мен анонимділігіне кепілдік беріледі.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.