"Безгекті жеңуге әзірлік" ұранымен дүниежүзілік безгек күніне

"Безгекті жеңуге әзірлік" ұранымен дүниежүзілік безгек күніне

     Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, жыл сайынғы 25 сәуірде «Безгекті жеңуге әзірлік» ұранымен дүниежүзілік безгек күніне орай,  және безгекті қадағалауды күшейту үшін әлемдегі безгек жағдайларының 90% тропиктік елдерде, әсіресе Африкада, сондай-ақ безгектен болатын өлімдердің 91% кездеседі. Безгек көптеген елдерде, соның ішінде безгек-эндемиялық аудандарда тұратын Орталық Азия өңірінде де халық денсаулығының проблемасы болып қалуда. Халықтың жаппай көшіп-қонуы және безгек кең таралған әлем өңірлерінен әкелінуі оның берілуіне қолайлы жағдайлары бар аудандарда безгек ошақтары пайда болуына әкелуі мүмкін. Алматы қаласы жоғары малариогендік аймақта орналасқан, анофелогенді су айдындарының болуына, безгек масалары және олардың дамуына қолайлы климаттық жағдайлары және безгектің әкелінетін  жағдайлары тіркелуіне байланысты сондықтан безгекпен сырқаттанудың жергілікті жағдайларының қайталану қаупі жоғары болып қалуда. Сондай-ақ температуралық коэффициент бойынша қала аумағы безгектің пайда болуы мен таралу қаупінің жоғары дәрежесіне жатады. Ауданда (Қарасу ықшам ауданы) жалпы ауданы 4,0 га анофелогенді су қоймасы орналасқан.