Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2025 жылғы 18 сәуірде Санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламеннтер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің мамандарымен КММ РММ Алматы қаласының «Шанырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернаттың асханасында орта медициналық қызметкері және асхана қызметкерлері арасында «Тамақтан уланудан алдын алу және туындауын болдырмау» және «2025 жылдың 1 тоқсанындағы мектеп-интернаттарға жасалған санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижесі» тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес өткізу барысында, мектеп-интернаттарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының өз денгейінде орындалуына талдау жасаумен бірге, жиі кездесетін жіті ішек инфекциялары және тамақтан уланудан алдын алуды қатаң қадағалануына ұсыныс жасалынды.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 тоқсанда мектеп-интернаттарға жасалған санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі нәтижесі, атап айтсақ тамақтанудың ұйымдастырылуы сұрағы, соның ішінде тәрбиелушілердің тамақтану нормасы (тағамдарды дайындау технологиясы ж.б), санитариялық-талаптардың қатан сақталуы, дезинфекциялық режімнің сақталуын. Асхана қызметкерлердің міндетті кезекті медициналық тексеруден және санитариялық-гигиеналық оқытудан уақытылы өтуі, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптарына өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптарына талдау жасалынды.
Аталған тақырыптар бойынша қатысып отырғандар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.