қызылша ауруын алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

қызылша   ауруын   алдын   алу   бойынша   жүргізілген жұмыстар

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасының санитариялық-гигиеналық  бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді  бақылау бөлімінің мамандарымен ағымдағы жылдың 28  қарашасында   Рыскулов даңғылы, 103 мекен-жайында орналасқан «Алатау» сауда үйінің қызметкерлері мен келушілеріне қызылша ауруының өсуіне байланысты түсіндіру  жұмыстары жүргізілді. Қызылша – бұл инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Жұмыс барысында қызылша ауруын алдын алу іс шаралары туралы, қызылшаға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы да айтылды, түрлі себептермен қызылшаға қарсы екпе алмаған балалардың ата-аналары әртүрлі мәдени шараларға қатысуды және сауда және ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу керектігіне кеңес берілді.