Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық - гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің мамандарымен ағымды жылдың 23 қарашада Алатау ауданы, Зерделі ықшам ауданы, 1/65 орналасқан №182 жалпы білім беру мектептің 1-2 сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында акция өткізілді. Акция барысында №182 жалпы білім беру мектептің оқушыларының арасында дұрыс тамақтану, тамақтан уланудан алдын-алу іс шараларын жүргізуді ұйымдастыру мен орындалуын, тамақтануда сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету дәрісі оқылды. Сонымен қатар, тұз, транс-майларды аз қолдану және салауатты тамақтануға көшуге кеңес берілді. Акция барысында оқушылар тарапынан қажеттілігі мол ғаздалған сусындар, қытырлақ нан және чипсы қолданғанда не болатындығы туралы қызығушылық туғызылған сұрақтар қойылды.
Акция қорытындысы бойынша мектеп директорына дұрыс тамақтану тақырыбында іс-шаралар өткізуге кеңес берілді. Оқушылар арасында тамақтан уланудан алдын-алуға ескерту жасау мақсатында диктант жазғызуға ұсыныс жасалынды. Бұрыштама, парақшалар таратылды.