Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Алматы қаласының "Ұлттық сараптама орталығы" филиалының мамандарымен бірлесіп Райымбек даңғылы, 507А мекен-жайында орналасқан "SMALL" супермаркетінде "Қауіпсіз тағамды таңдаймыз" және "Ұнның құнарлануы" тақырыбында тұтыншылар арасында акция өткізді.
Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарлатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіру болды.
Жедел зертханалық тексеруге 28 сынама алынды, соның ішінде сүт өнімдерінің қышқылдығына-3, көкөністердің құрамындағы нитраттарға-13, ұнның құнарлығына-3, термиялық өңдеуге-4, микробиологиялық тексеруге-5 сынама алынды. Барлық сынамалар нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келді.
Тұтынушыларға сатып алған тағам өнімдерін Алматы қаласының «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының мамандарының жедел әдістерімен тексеріліп, үйге сапалы әрі қауіпсіз тағамды апаруларына мүмкіндік туды. Бұл өткізілген шаралар акцияның талабына және қазіргі заманға сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды, дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға бағытталған. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, зерде түрде нәтижесі айтылды.
Акция өткізу барысында фортификацияланған ұнның маңыздылығы мен жедел ішек жұқпасының және жаппай тағамнан уланудың алдын-алу мақсатында тұтынушыларға кеңес берілді.