31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

2023 жылдың 31 мамырында Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында болған «Кез болған соң кер заман» атты театрландырылған музыкалық қойылымын көруге барды. Қойылымда саяси қуғын-сүргін салдарынан қаза болған тұлғалардың әндері айтылып, рухты мұралары насихатталды.