«Оқушылар арасында тереңдетілген медициналық тексерудің және жүргізілген сауықтырудың белсенділігі туралы»

«Оқушылар арасында тереңдетілген медициналық тексерудің және жүргізілген сауықтырудың белсенділігі туралы»

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында  2023 жылғы 15 ақпанда басшысының орынбасары, санитариялық - гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің мамандарымен, КММ №169 мектеп-гимназия акт залында жалпы білім беретін, жекеменшік мектептердің орта медициналық қызметкерлері арасында «Білім беру ұйымдарындағы тереңдетілген медициналық тексерудің және жүргізілген сауықтыру іс-шараларының сапасы, 2022 жылғы жасалған жылдық нәтижелік көрсеткіштердің қорытындысы»  тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.

            Семинар барысында жалпы білім беру мектептердің орта мектептерінде оқушыларды сауықтыру белсенділігі және сарқаттанушылықтан алдын алу сұрақтары бойынша айтылып өтті. Аудандық мектептеріндегі оқушылар арасындағы жалпы және суықтию аурушаңдығының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы талқыланды.                   

       Қатысушылар тарапынан қажеттілігі мол көптеген шешілмеген сұрақтар қойылды.

       Жиналыс қорытындысы бойынша мектептердегі оқушылар арасында медициналық қызмет көрсету сапасын, сауықытур және алдын алу белсенділігін арттыруға, тағаманан уланудан және жіті ішек инфекцияларынан алдын алуға ескерту жасау туралы ұсыныс берілді.