"Адал көмек" жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтеді

"Адал көмек" жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтеді

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

9 желтоқсан күні сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін «Адал көмек» жобасы аясында кеден ісі саласы және салық саласы бойынша азаматтарды қабылдау өтеді.

      Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

      Заң консультациясын Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ахметкалиев Арман Нұрланұлы көрсетеді.

Өтетін орны: Qolday` кәсіпкерлік орталығында (Мекен-жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303)

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефондары: WhatsApp +7 (775) 628 62 87