Міндетті Медициналық Сақтандыру мәселелері

Міндетті Медициналық Сақтандыру мәселелері

Бүгін Алатау Ауданы Әкімдігінің мәжіліс залында Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Оразбаева Лайла Серікбайқызының   төрағалығымен тұрғындарды Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру жүйесімен қамту мәселесі  бойынша  есептік кездесу өтті.

Есептік кездесуге  "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ  Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Жанар Болатқызы Кенжебаева, Алатау ауданы денсаулық сақтау бөлімінің бас дәрігері Садыкова Акмира Маханбеткалиевна, мемлекеттік орган өкілдері, Кіші және орта бизнес өкілдері мен медицина ұйымдарының бас дәрігерлері, сондай-ақ  аудан  тұрғындары қатысты.

Міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша азаматтардың мәселелері және медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.

Кездесу  барысында Алматы қаласы бойынша филиал директорының орынбасары ҰАҚ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" Кенжебаева Жанар Болатқызы қатысушыларға жүйенің барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндірілді. Атап айтқанда, МӘМС енгізу шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі туралы айтылды. Сонымен қатар,  міндетті ерікті сақтандыру және азаматтардың жеңілдікті санаттары бойынша түсініктеме берілді.

Бүгінгі таңда Алатау  ауданында МӘМС жүйесімен медициналық мекемелерге бекітілген 312 981-ке жуық адам қамтылған (аудан емханаларына барлығы  256 760 адам тіркелген)