«Оқушылармен сабақ арасында өткізілетін физкультуралық үзіліс және көзге арналған жаттығулар» акциясы

«Оқушылармен сабақ арасында өткізілетін физкультуралық үзіліс және көзге арналған жаттығулар»  акциясы

      «Оқушылармен сабақ арасында өткізілетін физкультуралық үзіліс және көзге арналған жаттығулар»

       Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің маманымен 2022 жылғы 8 қарашада  Алатау ауданы, Шаңырақ 2 ықшам ауданы, Жаңқожа батыр көшесі, 134 орналасқан  №26 мектептің 1-2 сынып оқушылары арасында «Оқушылармен сабақ арасында өткізілетін физкультуралық үзіліс және көзге арналған жаттығулар» жасау тақырыбында акция өткізілді.

          Акция барысында оқушылардың үзіліс және сабақ уақытында жұмыс қабілетін арттыру, оқуға деген зейінділік, бұлшықет және ойлау жүйесінің шаршауынан, тірек қимыл жүйесі мен эмоционалды тұрақтылықты арттырудағы әсер ететін кішігірім жаттығулар көрсетілді.

         Сонымен қатар, оқушылардың сабақ уақытында көз аппаратына максималды түрде күш түсу әсерінен оқушы өзін шаршаңқы, жайсыз сезінетін және орын алатын елеусіз жайлар болып көрінгенімен де адамның көру жүйесіне кері әсер жағдайлары түсіндірілді. Көру жүйесінің жұмысын арттыратын, қалпына келтіретін 7 үздік жаттығулар көрсетіліп және күнделікті қолдануға ұсыныс жасалды.

         Акция қорытындысы бойынша мектеп директорына оқушылар арасында тірек қимыл жүйесінің бұзылуын және сколиоз ауруларының алдын алуға ескерту жасау мақсатында ағарту жұмыстарын жүргізуге ұсыныс жасалынды.