Спартакиада

Спартакиада

Спорт-денсаулық кепілі.

Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз.

Ата-апаларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл - кеңестері, тәлім - тағылымдарының біз үшін орны бөлек.  «Қарты бар үйдің -  қазынасы бар » деп бабаларымыз бекер айтпаған.  Бүгінде  біздің қоғамда  қарияларға  үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.

Алматы қаласы күніне орай «Қарттар айы»  аясында Алатау ауданы әкімі аппараты  Алатау аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып,   салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Зерделі» шағын ауданында  аудан зейнеткерлері арасында спартакиада ұйымдастырды. Зейнеткерлер жүгіруден, секіруден, доп лақтыру сияқты спорт түрлерінен өз-ара сайысқа түсті. Қатысушылар ұйымдастырылған спорт түрлерінен  жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі топтық бірінші орынды Көкқайнар шағын ауданының ардагерлер ұйымы иеленді. Жеңімпаздар Аудан әкімінің дипломдарымен марапатталды.

Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын! Қарияларымыз  әрқашан ортамызда осылай үрім-бұтағының ғана емес, күллі жұрттың ықыласына бөленіп, қоғамның ардақтысына айналып аман жүре берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!