Ардагерлермен жүздесу

Ардагерлермен жүздесу

Бүгін Алатау Ауданы Әкімдігінің  басшылығы   Қала күні мерекесіне орай  азық-түлік себетін табыстау үшін,  ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып қайтты. Жағдайларын сұрап, алғыстарына ие болды. 

   Ардагерлеріміз азайып бара жатыр, ауданымызда үш қана ардагер қалған.  Олардың көзін көріп, әңгімесін тыңдап, аз да болса өткен өмірінің шежіресінен сыр шерткен  қарияларымыздың  алдында біз -- бақытты ұрпақпыз. Адамзат тарихындағы зұлмат соғысты басынан өткерген ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те, аздық етеді. Бүгінгі бейбіт өмірді бізге алып берген ардагерлеріміздің  алдында бас иеміз. Көзі тірісінде бағалайық, қолдан келгенше жақсылық жасайық.