«Қауіпсіз тағам таңда» тақырыбында өткізілген акция

«Қауіпсіз тағам таңда» тақырыбында  өткізілген акция

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің мамандарымен Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының»  мамандары қатысуымен бірге 2022 жылы 28 шілдесінде Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 517/6 мекен-жайында орналасқан, «Жібек жолы» базарындағы қоғамдық тамақтану орындарында «Қауіпсіз тағам таңда» тақырыбында акция жүргізілді.

           Акция өткізудің басты мақсаты, халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда болатын салдары неге әкелетінін түсіндіруге негіз болды. Тұтынушыларға ерте піскен жеміс-жидектерде нитраттардың мөлшерлік көрсеткіші қалыпты жағдайдан жоғары болу қауіпі туралы түсіндірме ретінде ақыл-кеңестер өткізілді.

          Сонымен қатар,  зертханалық жолмен тұтынушылар сатып алған келесі тағам өнімдеріне тексеру жүргізілді:

- нитраттарды анықтау мақсатында 20 түрлі жеміс-жидектер мен көкөністер сынамасы;

-дайын тағам өнімдері бойынша жедел түрде Хайлайт құрамында бактериялық ластану дәрежесіне 8 сынама

- еттің термиялық өнделуіне 7 сынамалар алынды. Барлық сынамалардың нәтижелері талапқа сәйкес келетіндігі анықталды.

         Тұтынушыларға 15 дана «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз» және  «Тағамнан уланудан қалай қорғануға болады?» тақырыптар жазылған парақшалар таратылды