Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау үшін Алматы қаласының аудандарында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1 кезеңі өтеді.
Байқаудың мақсаты –отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту және кеңінен дәріптеу, қазақстандық отбасының жағымды имиджін дәріптеу болып табылады.
Конкурсқа қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтініш аудандық комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:
Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2022 жылдың 15 мамырынан 15 маусымға дейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппататына келесі мекен-жай бойынша тапсыруға болады:
Алатау ауданы, Шаңырақ 2 ы.а., Жанқожа батыр көш., 26; каб.401. Байланыс телефондары: 299-86-13, +7747-711-41-47. #Otbasym2022