Байытылған ұн туралы не білеміз?

Байытылған ұн туралы не білеміз?

           

Адам ағзасына қауіп төндіретін кең тараған мәселелердің бірі тамақтану рационында витаминдер мен минералдың жетіспеушілігі, соның ішінде темір мен фолий қышқылы. Тағам рационында фолий қышқылы мен витаминдердің жетіспеушілігінен жүрек-қан тамыр жүйелерінің  аурулары мен ана және бала өлім себептеріне алып келуі мүмкін. 2011 жылы Қазақ тамақтану академиясының ұлттық зерттеуі барысында қан аздық репродуктивті жастағы әйелдер (39%) мен 5 жасқа дейінгі балаларда (35%) кең таралғанын анықтады. Көптеген мемлекеттерде минералдар мен витаминдердің жетіспеушілігін шешудің бірден бір жолы болып 
тағам өнімдерін фортификациялау - байыту болды. Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерін технологиялық өңдеу барысында өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Оның қалпына келуінің ең жақсы жолы – байыту. Сондықтан, ұн витаминдер мен микроэлементтерге байытылғаннан кейін адам ағзасына пайдалы болады. Фортификациялау кезінде ұнға аз мөлшерде витаминді минералды қоспаны қосу арқылы өнімнің сапасы мен құндылығын арттырады. Фортификациялау ұнның органолептикалық қасиетіне және де басқа құрамына әсер етпей, кері көрсеткіш шақырмайды. Байытылған ұнның сақталу мерзімі алты ай. Қазақстан Респуликасының аумағында өндірілетін жоғарғы және бірінші сұрыпты наубайханалық бидай ұны міндетті түрде темірі бар витаминдерге, минералдар мен аминқышқылдарына, май қышқылдары мен басқа да қоспалармен міндетті түрде байытылуға жатады.  Бұл біздің заңнамамызда, атап айтқанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған.  Ұн мен нан-тоқаш өнімдерін таңдау кезінде тек қана сұрыпы мен сапасына ғана мән бермей, керекті витаминдер мен минералдар комплексімен байытылғандығы туралы мән берген жөн. Көп адамдар ұнды сатып алған кезде оның пайдалы қасиеті туралы ойланбайды. Ұнның фортификацияланғаны туралы тауардың таңбалануында «Азық-түлік өнімдері олардың таңбалануы бойынша» ТР ТР022/2011 талапқа сай жазылады.