COVID-19-дың адам ағзасына әсері

COVID-19-дың адам ағзасына әсері

Кез-келген тірі организм сияқты вирустар да көбейіп, таралуға бейім. Алайда вирустар тек тірі жасушаның ішінде ғана көбейеді. Адам жасушасына кіру үшін коронавирусқа алдымен адам ағзасына ену қажет екендігі мәлім болуда.

Ғалымдардың айтуына сай, қазіргі уақытта бүкіл әлемде таралып отырған коронавирус адам ағзасына көзі, аузы және мұрны сияқты мүшелері арқылы ғана кіре алатындығы дәлелденді. Аталған үш мүшеде шырышты қабат болғандықтан және сол шырышты қабат арқылы вирус тікелей көмей мен өпкеге бара алады. Демек, вирус денедегі көз, ауыз және мұрыннан басқа мүшелер арқылы ағзаға кіре алмайды.

Коронавирус адамнан адамға түшкіргенде немесе жөтелгенде бөлінетін кішкентай тамшылар арқылы да тарала алады. Мысалы, егер сіз коронавируспен ауырып жүрген адамға өте жақын тұрсаңыз (1,5 метрден аз қашықтықта), сол адамнан түшкірген немесе жөтелген кезде бөлінген тамшылар сіздің көзіңізге, мұрныңызға немесе аузыңызға тіке кіре алады. Ал, аталған үш мүшеге жеткен вирус адам ағзасына оңай кіріп, көбейе алады. Адам денесіне кіргеннен кейін коронавирус өкпедегі гоблет (ағылшын тілінен goblet–«қобдиша») және цилия (ағылшын тілінен cilium–«ұсақ кірпік»)жасушаларына шабул жасайды. Әдетте бұл жасушалар типі өкпеде вирус, бактерия, шаң немесе тозаңның әсерінен қоқыс пен сұйықтықтың жиналуына жол бермейді. Алайда, коронавируспен ауырып жүрген адамдарда вирус шабуылының әсерінен аталған екі жасушалар көптеп өледі, өкпеде сұйықтық жиналып, адамның тыныс алуы қиындайды (кей жағдайда қарт адамдар мен әлсіз адамдарда өлім қаупі тууындауы мүмкін). Осыған орай қорғаныш сақтығын ұмытпаған жөн, әсіресе адам көп жиналатын орындарда ұзақ бөгелмей, бір реттік бетперде тағуды әдетке айналдырып, 1.5 метр ара қашықтықта сақтаған жөн.

Сонымен қатар, инфекцияланған тамшылар түшкірген немесе жөтелген адамның айналасындағы заттардың бетіне қонуы мүмкін. Сол заттарды ұстаған басқа адамдардың да коронавирусты жұқтыруы әбден мүмкін. Егер инфекцияланған заттардың бетін ұстаған адамдар көздерін, мұрындарын немесе ауыздарын ұстамастан бұрын қолдарын сабынмен жақсылап жуып, тері антисептиктерімен залалсыздыру шаралары коронавирусты жұқтырудың алдын алуға болатындығын ескертеміз.

"Короновируспен" ауырмау үшін барлық сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.