«Қауіпсіз тағам таңда» тақырыбында өткізілген акция

«Қауіпсіз тағам таңда» тақырыбында өткізілген акция

            2021 жылдың 12 қазанында Алатау ауданы санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ  РМК Алматы қаласы бойынша филиалы мамандарының қатысуымен «Қауіпсіз тағам таңда» тақырыбында "Magnum Cash&Carry" №7 Филиалының  супермаркетінде Фуд-кордттар аумағында акция өткізілді.

           Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіру болды.

           Тұтынушылардың сатып алған тағам өнімдері Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарымен жедел әдістер арқылы тексеріліп, үйге сапалы әрі қауіпсіз тағамды апаруларына мүмкіндік туды. Бұл өткізілген шаралар акцияның талабы бойынша заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни тез дайындалатын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіндік туды. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.

Тағам өнімдерінің сатып алғанда сыртқы қорабына, сақтау мерзіміне және температуралық сақтау жағдайларына көңіл бөлу керек екендігі туралы мамандармен қажетті ақпараттар берілді.