«Білім бері мекемелеріндегі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі талаптарын сақталуы және тамақтануды ұйымдастыру туралы»

«Білім бері мекемелеріндегі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі талаптарын сақталуы және тамақтануды ұйымдастыру туралы»

Алатау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында  2021 жылғы 2 қыркүйекте басшысының орынбасары, санитариялық гигиеналық қадағалау бөлімінің мамандарымен, Алатау ауданы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жеке меншік мектеп директорлар арасында «Білім бері мекемелеріндегі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі талаптарын сақталуы» және тамақтануды ұйымдастыру туралы тақырыптарында қашықтықта семинар-кеңес  өткізілді.

         Семинар-кеңес өткізу барысында, ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2021 жылғы 25 тамыздағы №37 және Алматы қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 26 тамыздағы №27 қаулыларына сәйкес жеке меншік мектептеріндегі 2021-2022 оқу жылы оқыту кезінде талаптардың орындалуын қамтамасыз ету барысында мектеп директорларына міндетті түрде педагогтар мен персоналдардын вакцинациялануы (тұрақтылық медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 аурып аурып сауыққан адамдардысауыққаннан кейін 3-ай ішінде  қоспағанда), мектепке кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізуді, 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді  «QR-код» (chesk-in) бойынша тіркеу, таңертеңгілік фильтрдің өткізілуі, бетперделік режимінің және ара қашықтықтың сақтауына ұсыныс жасалды. Сонымен қатар, асханаларда оқушылардың ара қашықтықтың сақталуына және дезинфекциялық ережелер өз денгейінде қатаң қадағалануына, ауа рециркуляторларымен қамтамасыз етілуі ескертілді.

        Аталған тақырыптар бойынша қатысып отырғандар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.