2021 жылдың мамыр айының 24 күні Алатау ауданында кенеге қарсы өңдеудің 1-туры өтті.

2021 жылдың мамыр айының  24 күні  Алатау ауданында кенеге қарсы өңдеудің 1-туры өтті.

Алатау аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің   бас маманының қатысуымен 24.05.2021ж РМК ШЖҚ «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының 1 бригадасының 13 дезинфекторлар, 1 дезинструкторымен кенеге қарсы өңдеудің 1-туры өтті.

Алатау ауданы бойынша 2,930 га аумақ қамтылды. Қамтылған аумақтар Саялы, Теректі ықшам аудандарының жасыл-желектері, «Сақ қорғанындағы» саябақ, Алғабас ықшам ауданындағы ойын алаңы. Жоғырадағы аталған аймақ тұрғындарына кенеден қорғану және кеңе энцефалитын алдын-алу бойынша түрлі ескертпелер  таратылды.

      Дезинсекцияның  басты мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу.