Дезинфекция және дератизация қызметін көрсететін кезде талаптардың маңызы

Дезинфекция   және дератизация қызметін көрсететін кезде талаптардың маңызы

Қазіргі таңда дезинфекция,  дезинсекция  және дератизация қызметін көрсетеу кеңінен таралған.  Дезинфекция не үшін жүргізіледі?

Дезинфекция – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені.

Дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық және жою іс-шараларының кешені.

Дератизация – кеміргіштерді жоюға немесе азайтуға бағытталған профилактикалық және жою іс-шараларының кешені.

Осы орайда дезинфекциялаушы заттарға тоқтала кетсек - бұл химиялық заттар, олардың құрамында әр түрлі концентрацияда химиялық заттар негізгі белсенді зат ретінде және әр түрлі шығарылым түрінде болады.  Химикаттармен жұмыс істейтін персоналдар  жеке қорғаныс құралдарын пайдалану барысында  ережелер сақталмаған жағдайда улану жағдайлары болуы мүмкін. Айта кететін болсақ  дезинсекциялық және тағы да басқа  өңдеулерді жүргізген кезде арнайы мамандандырылған қызметкерлердің немесе өңдеу жүргізетін ұйымдардың көмегіне жүгінген дұрыс. Дезинсекциялық өңдеу жүргізу  әртүрлі жәндіктерге (москиттер, қоңыздар, шыбындар, тарақандар және басқалар) тиімді болса да, оны дұрыс қолданбау адамның улануы немес өлімге әкелуі мүмкін. Осы орайда,  көптеген жағдайларда дезинсекциялық өңдеу жүргізу кезінде қолданылатын  "Квикфос" препараты  қауіптілік сыныбы бойынша - адамдар үшін қауіптіліктің 1-сыныбына жататын жоғары қауіпті зат болып табылатындығын ескертуді жөн көрдік. "Квифокс" улы химикаты астық қоймалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үшін ауыл шаруашылығында пайдалануға арналған пестицид. "Квикфос"препаратын  өз бетінше жеке тұлғалар тұрғын үй-жайларда  жәндіктерден құтылу барысында  пайдалануға қатаң тыйым салынған.