«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер»

«Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер»

Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында (ары қарай басқарма),  2021 жылғы 31 наурызда басқармасының орынбасары, санитариялық гигиеналық қадағалау бөлімінің мамандарының қатысуымен, аудандағы  жалпы білім беру мектеп басшылар арасында «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын еңгізілуін қарастыру туралы тақырыпта қашықтықта семинар-кеңес өткізілді.

         Семинар-кеңес өткізу барысында, жабық ғимараттарда, оның ішінде сынып кабинеттеріндегі жұмыс орынында ауаның қолайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында, сыйымдылығы жоғары мектептер және көмір-отын арқылы жылтылатын мектептегі   ауаға «Салауатты қоршаған орта-Ұлт денсаулығы» жобасындағы мониторингке сәйкес аспаптық-зертханалық өлшемдер алынуға зертханалық жоспар жасалынғандығымен таныстырды.

       Аталған тақырып бойынша қатысып отырғандар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.