«Жедел гастроэнтериттің алдын алу шаралары»

«Жедел гастроэнтериттің алдын алу шаралары»

             

Жедел гастроэнтерит – асқазанның және ішек жолдарының шырышты қабығының  бактериялық, аллергиялық немесе вирустық қоздырғыштардың әсерінен өткір қабынуы. Аурудың негізгі белгілері жүрек айнуы мен құсу, диарея, іштің ауыруы, қызба, іш өту, интоксикация және дегидратация (ағзаның сусыздануы)  болып табылады. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындарында, балалар арасында жиі кездесетін бұл ауру жаз айларында өршуі мүмкін. Сондықтан жедел гастроэнтериттің алдын алу үшін жеке гигиенаның барлық ережелерін яғни, оның ішінде дұрыс тамақтану, қауіпсіз тамақтанудың принциптерін, тазалық сақтау, тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін мұқият бақылау, жеміс-жидек, көкөністерді ағын сумен дұрыстап жуу, көшеден тамақ сатып алмау, мемлекеттік сапа бақылауынан өтпеген тауарларды қолданбау, күмәнді резервуарлардан су ішпеу сияқты шараларды қатаң сақтану қажет.