«Шектеу іс-шаралары, карантин кезеңінде білім беру ұйымдарындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы»

«Шектеу іс-шаралары, карантин кезеңінде білім беру ұйымдарындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы»

      

Алатау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің маманымен Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 19 орналасқан №181 жалпы білім беретін мектептің 2,3 сынып оқушылары арасында «Шектеу іс-шаралары, карантин кезеңінде білім беру ұйымдарындағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы» тақырыбында акция өткізілді.

                 Акция өткізу барысында оқушыларға мектепте бетперделік режимді сақтауды, қолды жиі жуып, арақашықтықты сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірілді. Карантин кезіндегі қойылған талаптардың қатаң сақталуы мен орындалуы денсаулықты сақтаудың ең тиімді шаралары екендігі айтылды.