Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

2026 жылғы 23 маусымда Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында аудан әкімі Д. Қырықбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызды рөліне тоқталды. Ол мемлекеттік қызметшілердің халық игілігі жолындағы адал еңбегі мен жауапкершілігіне жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Іс-шара барысында өздерінің кәсіби міндеттерін үлгілі атқарып, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындаған бірқатар мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ салтанатты жиын аясында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады. Олар Отанға және Қазақстан халқына адал қызмет етуге, мемлекеттік қызметшінің жоғары мәртебесіне сай болуға салтанатты түрде ант берді.

Мерекелік іс-шара мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін нығайтуға бағытталған ізгі тілектермен қорытындыланды.