«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Құрметті аудан тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2026 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толық ақпарат алу үшін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратына келесі мекен-жай бойынша жүгінуіңіз қажет: Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ш.а., Жанқожа батыр көш., 26; каб. 401. Қоғамдық даму бөлімі, байланыс телефондары: 299-86-13, +7747-782-55-85.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 14 маусым.
#Otbasym2026
#МерейліОтбасы2026
#Отбасым2026