Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының өсуіне байланысты, Алатау ауданының карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау және мониторингті жүзеге асыру бойынша мобильді топтар күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.

Күн сайын 4 мобильді топ санитарлық талаптардың сақталуын мониторингілеу бойынша түсіндіру жұмыстарын және рейдтік іс-шараларды жүргізеді.

Карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған азаматтар мен кәсіпкерлік объектілері қолданыстағы Заңнамаға сәйкес, жауапкершілікке тартылады.

Карантин режимін бұзу фактілерінің куәгері болған тұрғындарды, келесі нөмірлер бойынша хабарлауын сұраймыз:

+7 775 781 4550 және +7 707 757 7030