Кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу

Кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу

Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің  бас маманының қатысуымен 26.03.2026ж РМК ШЖҚ «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының дезинфекторларымен кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 1-туры өтті. Алатау ауданы бойынша 2,930 га аумақ қамытылды. Қамытылған аумақтар Саялы, Теректі ықшам аудандарының жасыл-желектері, «Сақ қорғанындағы» саябақ, Алғабас ықшам ауданындағы ойын алаңы. Жоғырадағы аталған аймақ тұрғындарына кенеден қорғану және кеңе энцефалитінің алдын-алу бойынша түрлі ескертпелер  таратылды.

Дезинсекцияның  басты мақсаты – кенелерді және кене арқылы таралатын инфекциялардың тасымалдаушыларын жою.