Безгек ауруының алдын алу

Безгек ауруының алдын алу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес, безгек ауруының алдын алу мақсатында тиісті қызметтер мен ұйымдардың, сондай-ақ КСК-ның объектілерінде қан сорғыш жәндіктердің көбею орындарын (уақытша пайда болған су айдындары, батпақтану) жоюға, анофелогенді су айдындарының жағалауларын тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан тазартуға, шөп шабуға бағытталған гидротехникалық (экологиялық) іс-шараларды жүргізу бойынша төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:

  • шөп шабу;

  • бұталарды сирету және қырқу;

  • тұрмыстық, құрылыс және өсімдік қалдықтарының үйінділерін жою;

  • тұрғын және қосалқы үй-жайларға, су көздеріне, демалыс орындарына, спорт алаңдарына апаратын орман жолдарын тазарту және кеңейту;

  • объектінің бүкіл маусым бойы абаттандырылған күйін сақтау;

  • туристік маршруттар болған жағдайда, жаяу жүргінші жолдарын дезинсекциялық өңдеу және олардың екі жағынан кемінде 50 метр қашықтықта қураған ағаштар мен жел құлатқан қалдықтардан тазарту;

  • объект аумағына үй жануарларының кіруіне жол бермеу;

  • дератизациялық іс-шараларды жүргізу.