
Туберкулез – бұл ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - туберкулез микобактериясы. Негізінен, адамдарда туберкулездің өкпелік түрінен зақымдану жиі кездеседі. Сондай-ақ өкпе туберкулезінен басқа, сүйек жүйесінің туберкулезі, құрсақ қуысы, көз туберкулезі, қолтық асты лимфа түйіндерінің туберкулезі, туберкулезді спондилит түрлері де бар.
Мамандар "Туберкулездің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Санитариялық қағидаларға сәйкес туберкулезді ерте анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020, 2022 жылғы 28 наурыздаға № ҚР-ДСМ 29 бұйрықтарың білуіміз қажет екенін хабарлайды.
3.Туберкулезбен сырқаттанушылық анықталған жағдайда клиникалық-зертханалық зерттеулерден (шолу рентгенографиясы, компьютерлік томограмма, қақырық бактериоскопиясы) уақтылы өту қажет.
Сондай-ақ жоғарыда аталған белгілер пайда болған жағдайда, туберкулезбен сырқаттанушылықты ерте анықтау және емдеу мақсатында Алматы қаласының барлық тұрғындарын уақтылы медициналық көмекке жүгінуге шақырамыз. Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда екенін ұмытпаныз!!!!