Жіті ішек жұқпасы (ЖІЖ)

Жіті ішек жұқпасы (ЖІЖ)

Жіті  ішек жұқпасы (ЖІЖ) – бұл асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын, әр түрлі патогенді микроорганизмдерден туындайтын жұқпалы аурулар тобы.

Жұғу жолы: Жіті ішек жұқпасы ластанған тағам өнімдері немесе су арқылы жұғады.

Аурудын белгілері: іштің ауруы, құсу, жүрек айнуы, қалтырау, әлсіздік, тамаққа тәбетінің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі,  бірнеше рет іштің өтуі, диарея. Сырқат әсіресе балаларда ауыр түрде өтеді. Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, өз бетінше емделмеңіз!

Ішек жұқпасының алдын алу үшін келесі шараларды орындау қажет:

1.Жеке бас тазалығын сақтау, тамақ қабылдау, дайындау алдында, даладан келген соң және дәретханадан кейін қолыңызды міндетті түрде сабынмен тазалап, жиі жуып отыру.

2.Қайнатылған, бөтелкедегі (бутиллированная вода) сапалы суларды қолдану;

3.Ет, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият пісіріп, қайнату;

4.Жеміс-жидектерді, көкөністерді қолданар алдында мұқият жуу;

5.Дайындалған тағам өнімдерін үй температурасында екі сағаттан артық сақтамау;

6.Тағам өнімдерін тоңазытқышта дұрыс сақталуына және сақтау мерзіміне көңіл бөлу;