Алатау ауданында санитарлық талаптарды сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Алатау ауданында санитарлық талаптарды сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Бүгін, Алатау ауданында құрылған 3 мобильді топпен халық көп шоғырланатын орындардың қатарына жататын базарлар мен сауда үйлерінде санитарлық талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Басты мақсатымыз санитарлық талаптар бұзылған жағдайда бірден әкімшілік жауапкершілікке тарпай, ең алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, халық арасында карантин шаралары көрсетілген арнайы ақпараттық парақшалар мен маскалары жоқ азаматтарға маска таратылды.

Тұрғындарды маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға әсер ететінін ұмытпағанымыз жөн.