Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

ҚР ДСМ 2020 жылғы 30.11. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау объектілері эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары болып табылады.

19-баптың 1-тармағының 1-тармақшасына және 20-баптың 1-тармақшасына сәйкес сумен жабдықтау объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге эпидемиялық маңызы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7.07. №360-VI ҚРЗ Кодексінің 82-бабы 1-тармағының 4-тармақшасы негізінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметке сәйкес: өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті;

Жаңадан салынған, реконструкцияланатын сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ күрделі жөндеуден, авариялық жағдайларды жойғаннан кейін сумен жабдықтау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін және (немесе) халықты ауыз сумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер ауыз су мен ыстық судың сапасы мен қауіпсіздігін міндетті зертханалық бақылаумен оларды жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.

Тазалау және дезинфекциялауды аталған қызмет түрін орындауға құқығы бар мамандандырылған ұйым жүргізеді, сапаны бақылауды су пайдаланушының өндірістік зертханасы жүргізеді. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымдар бақылауды жүзеге асыру үшін жұмыстарды жүргізу уақыты туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі.

Бірінші және екінші белдеулердің СҚА аумағы таза ұсталады (тұрмыстық, құрылыс қоқыстарынан, жапырақтардан, қураған жерлерден, қардан тазартылады). Су жинау құрылыстарының санитариялық-техникалық жай-күйі (таза су резервуары, сорғы станциясының павильоны, хлоратор және су жинау құрылыстарының басқа да үй-жайлары) тиісті санитариялық жағдайда (әктелген, боялған, тамшыларсыз), ғимараттардың айналасындағы жамылғылар герметикалық күйде болады.

Сумен жабдықтау объектілеріндегі персонал арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Сумен жабдықтау объектілеріндегі персонал алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтеді және жұмысқа рұқсат алады.

Сумен жабдықтау жүйесін пайдалануды жүзеге асыратын және (немесе) халықты ауыз және ыстық сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъект халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін (авариялық жағдай, техникалық бұзушылықтар туындаған, су сынамаларын зертханалық зерттеу нәтижесін алған сәттен бастап телефон арқылы 2 сағат ішінде және жазбаша нысанда 12 сағат ішінде) хабардар етеді:

1) сумен жабдықтау жүйесінің объектілері мен құрылыстарында ауыз су мен ыстық судың сапасы мен қауіпсіздігінің және халықты сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына әкеп соғатын авариялық жағдайлардың немесе техникалық бұзушылықтардың туындауы туралы;

2) санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, вирусологиялық және радиологиялық (радиациялық қауіпсіздік) көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін су сынамаларын зертханалық зерттеудің әрбір нәтижесі туралы.

Сумен жабдықтау жүйесін пайдалануды жүзеге асыратын және (немесе) халықты ауыз және ыстық сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъект жағдайларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайды.

Ведомстволық тиесілігі жоқ (иесіз) су қабылдағыштарда не су құбырларында авариялық жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ сумен жабдықтаудың баламалы көздері болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар авария белгіленген кезден бастап 24 сағат ішінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және (немесе) халықты гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін сапалы әкелінетін ауыз сумен қамтамасыз етеді.