Республика күніне орай Алатау ауданы әкімінің аппаратында салтанатты жиын өтті

Республика күніне орай Алатау ауданы әкімінің аппаратында салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 23 қазанда Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Алатау ауданының әкімі Данияр Батанұлы ұжымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, ауданды дамыту ісіне қосқан адал еңбектері мен белсенділіктері үшін қызметкерлерге алғысын білдірді.

Жиын барысында өз қызметінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер Мемлекеттік қызметшінің антын қабылдап, өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқаруға дайын екендерін растады.

Іс-шара жылы әрі мерекелік көңіл-күйде өтіп, Республика күнінің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, азаматтық парыз бен жауапкершіліктің нышаны екенін айқындады.