Алатау ауданында балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен балаларға арналған тегін футбол үйірмесі ашылады. Футболға 7-14 жастағы балалар қатысады.
Ашылуы: 2020 жылы 11 Қазан күні сағат 11.00 де.
Ашылатын футбол алаңының мекен-жайы:
«Ұлжан» шағын ауданы, Байтас көшесі 6 (Үлкен Алматы Каналы бойында)
Футбол алаңының салтанатты түрде ашылу бағдарламасы:
Сағат 11.00 – аудан әкімі А.Қалдыбеков құттықтап, ашады.
Сағат 11.10 – футбол алаңын салған кәсіпкер сөйлейді.
Сағат 11.15 – футбол үйірмесінің жаттықтырушысы сөйлейді.
Сағат 11.20-11.40 – балалар футбол ойнайды.
Байланыс телефоны:
87014446016 Жұлдыз