«Аудан аумағын тазалау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

«Аудан аумағын тазалау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар»

Меншік түрінен тәуелсіз кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар
басшылары, дүкендер, сауда үйлерінің иелері, жалға алушылар мыналармен
қамтамасыз етулері қажет:
1) коммуналдық қалдық төгуге жасалған келісімшарттың негізінде
күнделікті жинауды, санитарлық ұстауды және бөлінген және жақын арадағы
аумақты абаттандыруды, сондай-ақ меншікті күшпен немесе басқа да
кәсіпорындармен тұрмыс қалдықтарын төгуді. Құрылыс көшенің бір жағында
орналасқан жағдайда, көше мен тротуардың барлық жағын жинау;
2) бөлінген аумақта суағар канаваларын, көпірлерді, құбырларды,
судың беті мен жер астын бөлу үшін ұсынылған сорғыларды, аумақты жинау
және тазалау,
3) ғимараттар мен құрылыстар маңын, қоршауды, кіре беріс есікті,
балкон беттерін, су тарату құбырларын, шағын сәулет түрлерін жөндеу және
сырлау, әкімшілік және өндіріс ғимараттарының шыныларын, сөрелер мен
әйнектерді жуу, алаңдар мен жасыл желекке күтім жасау, арамшөпті уақытында
жұлу жөнінде жұмыстарды уақытында жүзеге асыру;
4) жер асты ғимараттарды төсеу, қайта жайластыру және жөндеуде
топырақ суырып алумен, белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды
рәсімдегеннен кейін ғана құрылыс кезінде жаңадан топтама енгізумен
байланысты жұмыстардың барлық түрі;
5) санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды бұзбау.
Жер телімдерін пайдаланушылар, (бір пәтерлі және көп пәтерлі) үй иелері
(пайдаланушылар) ішкі аулалық бөлінген аумақтың және жақын аумақтың
шегінде:
1) тұрмыс қоқыстары мен қалдықтарын күнделікті жинау, оны арам
шөптен тазалау жолымен телімді таза және дұрыс ұстау;
2) қоршауды жөндеу және сырлау, орындықтарды жөндеу және
шаруашылық-тұрмыс алаңдарын жабдықтау, жиек тастарды ақтау, жаяу жүру
жолдарын, сыртқы кіреберіс сатыларды, қар мен мұздан тазалау, шөптерді
шабу, құрғақтарын жұлу, алаңдарды тиісті қалыпқа келтіру, су тарату
канаваларын, көпірлерді, құбырларды, аула іші және жанындағы аумақты
санитарлық жинау және тазалаумен қамтамасыз ету;
Қоғамдық көлік аялдамаларының иелері автопавильон, отыру алаңдарын,
шағын сәулет түрін жинауды, ұстауды, жабдықтауды және ағымдағы жөндеуді
қамтамасыз етеді.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, ашық алаңдарда, шашлық
киосклерінде, сауда павильондарында және тұрақты дәретханалары жоқ т.с.с.
орындарда қызметкерлер мен келушілерге арнап тасымалдағыш немесе қоғам
дәретханасын орнату міндетті жағдай болып табылады.
Тұрғын үй, ғимараттар мен құрылыстар меншіктеріне оларды
Дата: 15.09.2025 11:07. Копия электронного документа. Версия СЭД: Documentolog 7.22.2. Положительный результат проверки ЭЦП
бөлшектегенде олар орналасқан, оларға құрылыс, тұрмыстық қоқыс пен
қалдықтар аумақтарын тазалау қажет