Ағымдағы жылдың 30 маусымында Алатау ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі- Ахетов Мамай Қаниұлы жиналыс өткізді.

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Алатау ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі- Ахетов Мамай Қаниұлы жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында қоғамдағы мемлекеттік қызметшілердің рөлі, Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезіндегі лауазымдық нұсқаулық талаптарын сақтау тәртібі талқыланды. Сонымен қатар, әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынуға және әдеп нормаларын жұмыстан тыс уақытта да ұстануға кеңес берілді. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру барысында қоғамда белең алып отырған құмар ойындар (лудомания) тақырыбы да қозғалды. Сонымен қатар, дін мәселелері де талқыланып, қызметкерлерге басқа адамдардың діни нанымдарын құрметтеуге және осы тұрғыдағы қақтығыстардан аулақ болуға шақырылды. Сонымен қатар, кибермошенничество мәселелері де қарастырылып, жеке деректерді қорғау мен интернетте қауіпсіздікті сақтау маңыздылығы ерекше атап өтілді, бұл мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде ерекше өзектілігін тапты.

Жиналыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын, Әдеп кодексінің нормаларын сақтауын бақылауды күшейту тапсырылды.