Алатау ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Алатау ауданында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2025 жылғы 23 маусым күні Алатау ауданы әкімі аппаратында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Құттықтау сөзін Алатау ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Бектас Ерланұлы және «AMANAT» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Алдамбергенова Жарқынкүл Алдамбергенқызы сөйледі. Олар өз сөздерінде қоғам игілігі үшін адал еңбек ететін мемлекеттік қызметтің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Іс-шара барысында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер ант қабылдап, халыққа адал қызмет етуге дайын екендіктерін ресми түрде растады.

Мереке аясында аудан дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.