КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХX сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі М.Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мекеме, ауылдық округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде Ақжайық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №26-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Батыс Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының 2024 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебі; Ақжайық ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есебін бекіту туралы; Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі жылдық есебін бекіту туралы; мәселелері қаралып, тиісті шешімдері қабылданды.