ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын! 

Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын бұл мереке  өткенімізді саралап, ертеңімізді бағамдайтын керемет сәт. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және облыстық, аудандық маслихаттар депутаттарының сайлауы тағайындалып, 2023 жылдың 19 наурызда өткізілгені баршаңызға белгілі.

Сол сайлаудың қорытындысы бойынша VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың құрамына 12 депутат сайланып, аудандық мәслихатының депутаты атанды. 9 депутат – «AMANAT» партиясынан ұсынылса, 2 депутат – «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан және 1 депутат – «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясынан ұсынылды.

Жалпы аудандық мәслихаттың депутаттары аудандағы өкілді биліктің органы ретінде заңнамада көзделген өкілеттіктерін пайдаланып, жергілікті мемлекеттік басқаруда бірақатар қызметтерін атқарып келеді.

Мәслихат негізгі қызметін сессиялар арқылы жүзеге асырады.

2024 жылы аудандық мәслихат отырыстарында 14 сессиясы өткізіліп, 50 мәселе қаралып жыл сонында 2025-2027 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтердің бюджеттері кезекті сессияда бекітілді.

Биылғы жылы ауданда көптеген жұмыстар атқарылды. Әр салада қол жеткізген жетістіктерімізді келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Мемлекет тарапынан ауыл халқының табысын арттыру мақсатында былтырғы жылы «Ауыл аманаты» жобасы басталды.

2024 жылы Ақжайық ауданына 766,1 млн. теңгенің 91 жобасына лимит белгіленсе, бүгінде 412,0 млн. теңгеге 52 өтінім, соның ішінде мал шаруашылығына – 206,8 млн. теңгеге 27 өтінім, кәсіпкерліктің басқа түрлеріне – 205,2 млн. теңгеге 25 өтінім тапсырылды.

Халықты таза ауыз сумен қамту - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Ағымдағы жылы да ауылдарға таза ауыз су тарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасын тапты. Аудандағы 45 елді мекеннің (98%) 38-нде ауыз сумен қамтылуы су құбырлары арқылы болса, 6 елді мекенде кешенді блок модульдер орнатылған.

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде әртүрлі санаттағы 780 адам тұр. Ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамту мақсатында ағымдағы жылы Чапаев ауылындағы екі 3 қабатты 48 пәтердің тұрғын үй құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Одан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджет есебінен тұрғын үй кезегінде тұрған 17 жерлесімізге үй сатып алынып берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан бойынша әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға арналған елді мекенде 37 пәтердің құрылыс жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінгі күнге 31 пәтердің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, жаңа пәтердің кілттері табысталды.

Келесі жылы ауданда кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту және санын азайту мақсатында 40 тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз айтқандай, осы жетістіктеріміз берекелі бірлігімізбен бірлесе атқарған еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.

Сiздердi Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, молшылық пен ізгілік, денсаулық пен бақыт әкелсін! Еліміз тыныш, ынтымағымыз мәңгі, болашағымыз баянды болсын!