КЕЗЕКТІ XXVI СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ

КЕЗЕКТІ XXVI СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХVІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі М.Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатынасты. Сессияның күн тәртібінде Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет, 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері, Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, Ақжайық аудандық мәслихатының «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы №7-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Ақжайық ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту, Ақжол, Алғабас, Бударин, Жаңабұлақ ауылдық округтерінің елді-мекендерінің жер – шаруашылық орналастыру жобасын бекіту және Ақжайық ауданының елді мекендерінің жерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы мәселелері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы №24-3 шешімі негізінде Қуанышева Назым Базарқызына, Есеналиев Науқан Құсанұлына, Қадисов Хаби Нәбиұлына және Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлына «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет Грамотасымен Сейткереева Лязат Мұратқызы,  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Алғыс хатымен Мағзом Әлішер Нұрпейсұлы, «Қазақстан Мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының Құрмет грамотасымен Тулепбергенов Дархан Серікұлы, Ермуханов Артур Орынғалиұлы және Ибрашева Алтынай Абайқызы марапатталды.