Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясы өтті. Cессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Умитов, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-3 «2024-2026 жылдарға арналған Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ақжайық ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы, «Ақжайық ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы және Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі №2-10 «Ақжайық ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімінің күшін жою деп тану туралы мәселелер тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.