Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІII сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі М.Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ақжайық ауданының 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекіту туралы және Ақжайық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы №13-2 «Ақжайық ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.