Мереке құтты болсын!

Мереке құтты болсын!

ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың қыспағы мен қиындығынан аман-есен шығып, алыс-жақындағы ағайын арқа-жарқа болып, қол алысып, төс қағыстырып, бір-біріне ізет-құрмет көрсетіп, халықтың мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Сондықтан мұндай игі дәстүрдің ұлтымыздың ырысын арттыруға, халқымыздың бірлігін бекемдеуге қосар үлесі мол, ұрпаққа берер тағылымы зор. Көрісу мейрамы – халқымызды бірлікке, ынтымаққа үндейтін мейрам. Осындай қуанышты күнде елімізге – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.