Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы

Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Қоғамдық Кеңес өз кезекті отырысын өткізді.
Отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды: ауылдық елді мекендерге келген мамандарға жәрдемақы және тұрғын үйге қаржылай көмек; Даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар; аудандық жолдардың атаулары мен индекстеріне қатысты қаулының күшін жою.
Жауапты бөлімдер баяндамаларын ұсынды, ал Кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.