Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХХVІІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі М.Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатынасты. Сессияның күн тәртібінде Ақжайық ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекіту туралы, Ақжайық аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары және Ақжайық ауданы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаты А.Сағитов, аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражев, Ақжайық аудынының Құрметті азаматы Ү.Елеубайқызы және Құрайлысай ауылдық округінің әкімі Б.Сатдыков Халықаралық "Махамбет" қорының төрағасы Б.Батырдың Алғыс Хатымен марапатталды.