Кезектен тыс XXXIV сессиясы

Кезектен тыс XXXIV сессиясы

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІV сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі М.Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатынасты. Сессияның күн тәртібінде Ақжайық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №26-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Ақжайық ауданы бойынша 2026-2028 жылдары аралығында қоғамдық тәртіпті  сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Ақжайық ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттерін және қызметтерін бағалау критерий туралы мәселелері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.